Дүкенде зейнеткерді тонап кеткен әйел ұсталды
Дүкенде зейнеткерді тонап кеткен әйел ұсталды
Фото: news.myseldon.com
185
оқылды

Қарағанды облысында әйел дүкенде зейнеткерді тонады.

Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне дүкенде зейнеткерді тонап кеткені туралы хабарлама түсті. Жәбірленуші 69 жастағы зейнеткер дүкен ішінде тауарға ақша төлеу үшін сөмкесінен әмиянын шығарған.

Қасында тұрған бір әйел кенеттен қолынан әмиянды жұлып алып, далаға қашып кеткен. Шығын көлемі – 26 мың теңге. Полицейлер күдікті 31 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.

Қылмыстық кодекстің 191-бабы (Тонау) бойынша іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін сейфтен 22,9 миллион теңгені ұрлап кеткен ұры туралы жазған болатынбыз.