Felice
Мейрамхана көпшілікке итальян асханасымен және теңіз өнімдерінен жасалған тағамдарымен танымал. Орташа шот 15000 - 25000 теңге арасында. Ал салаттардың бағасы - 4200 - 9800 теңге, ыстық тағамдар 5000 - 26000 теңге аралығында. Ондағы ең қымбат салаттардың бірі - гранкио (теңіз шаяны Камчаткаға айоли юзу тұздығы қосылған). Бағасы - 9800 теңге.
[caption id="attachment_165070" align="aligncenter" > Теңіз шаяны Камчаткаға айоли юзу тұздығы қосылған гранкио[/caption]
Qazaq Gourmet
Мейрамхананың асханасында қазақ және еуропалық тағамдар дайындайды. Даяшысының айтуынша, қазақстандықтар мұнда көбіне шетелден келген қонақтарды алып келеді. Сонымен бірге кәсіпкерлер мен шенеуніктер жиі келетінін айтты. Мұнда бір адамға орташа шот 14000-17000 теңгеге шығады. Салаттардың орташа бағасы - 2500 теңге. Ыстық тағамдардың бағасы 5000 - 24000 теңге арасында. Мәзіріндегі ең қымбат тағамның бірі - ұлттық стильдегі Бурабай құлынының қабырғасы (бағасы 22000 теңге).
[caption id="attachment_165073" align="aligncenter" > Ұлттық стильдегі Бурабай құлынының қабырғасы[/caption]
La Rivière
Мейрамхана The St. Regis Astana қонақүйінде орналасқан. Көпшілікке шеф-повары Оресте Манчинимен танымал. Сонымен бірге тағы бір басымдығы - мейрамхананың Есіл өзенінің бойында орналасуында. Салаттардың орташа бағасы 6000 теңге. Ыстық тағам бағасы 3500 теңгеден басталып, 13000 теңгеге дейін барады. Орташа шот - 18000 теңге.
Olivier
Салаттардың бағасы 3000 - 9000 теңге аралығында. Ыстық тамақ 3500 - 15000 теңге арасында. Бір адам үшін орташа есеппен 15000 - 18000 теңге шығады. Ең қымбат тағамдардың бірі - Чили теңізінің сибас балығы (грильде қуырылған сибас балығы), бағасы 13890 теңге.
[caption id="attachment_165079" align="aligncenter" > Сибас балығы[/caption]
MILLIONAIRE
Мейрамханада шығыс асханасындағы, еуропалық тағамдарды дайындайды. Салаттардың бағасы 2800 - 8700 теңге, ыстық тамақ 3300 - 18000 теңге арасында. Орташа шот 25000-30000 теңге шығады.
Selfie
Мейрамхана авторлық тағамдарымен және понорама көрінісімен танымал. Ол The Ritz-Carlton қонақүйінде орналасқан. Бір адам үшін орташа шот 20000 теңге шығады.