Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт бүгін сағат 06:15-те Байқоныс ауылында болған.
Екі пәтерлі тұрғын үй өртенген. Өрт 85 шаршы метр аумақты шарпыды.«Өртті сөндіруге ТЖД-ның 6 қызметкері және бір өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Отағасы әйелі мен екі баласын құтқарып үлгерді. Өкінішке қарай, 2016 жылғы үлкен ұлы өрттен көз жұмды. Күйік шалған ер адам Степногор қалалық ауруханасына жатқызылды», – деді құтқарушылар.
Өрт сағат 07:46-да толық сөндірілді. Себебін мамандар анықтап жатыр.