Жаңбыр, қар, тұман: қазан айында ауа райы қандай болады?
Жаңбыр, қар, тұман: қазан айында ауа райы қандай болады?
Фото: stihi.ru

Жауын-шашын жауады. Алайда Маңғыстау, Қызылорда және Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жауын-шашын аз жауады.

Ресейдің Еуропалық аумағы арқылы өтетін Скандинавия мен Баренц теңізі тарапынан келетін суық антициклон батыс өңірлердегі ауа райына әсер етеді. Қазақстанның солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталығында, керісінше, батыс және оңтүстікте жаңбыр, қар жауып, тұман, көктайғақ болады. Айдың бірінші онкүндігінде солтүстік-батыста антициклон әсерінен ауа температурасының түнде 1-3 градус аязға дейін, күндіз +10+15°С дейін төмендеуіне алып келеді. Солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталықта ауа температурасы түнде -5+5°С-тан -1-8°С-қа дейін, күндіз +3+10°С-тан 0,+5°С-қа дейін төмендейді. Бірінші онкүндіктің екінші жартысынан бастап, республиканың басым бөлігінде ауа райы 10-12 градусқа дейін жылынады. Қазанның екінші және үшінші онкүндігінде Жерорта теңізі мен Орта Азия аудандарынан оңтүстік-батыстан алмасатын жылы ауа массасының әсерінен күн жылы болады.

Республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығысында +19+25°С дейін жылынады. Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасының түнде -4-10°С дейін, күндіз -2+3°С дейін, оңтүстік жартысында – түнде -5+5°С дейін, күндіз +7+12°С дейін төмендейді.