Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді

Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді, — деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында.

"Сапардың мақсаты – Ақтоғай кен байыту кешенін кеңейту жөніндегі жобаның қорытындыларымен танысу. Мемлекет басшысы өндіріс нысанының инфрақұрылымын аралап көріп, кәсіпорын базасында ашылған екінші кен байыту фабрикасының жұмысын ресми түрде бастауға рұқсат береді", - деп жазды ол.