Қарағандылықтар әлеуметтік желілерде қала аудандарының бірінен шыққан жолда болып жатқан көлік кептелісін хабарлады. Бұл Қарағанды орталығына «Ашық» бағдарламасындағы вакцинация мәртебесін растау арқылы кіргізуден болып отыр дейді көпшілік. Бұл жалған ақпарат, – деп хабарлады stopfake.kz. Қала әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
– Майқұдыққа кіру кезінде шектеу қойылғаны және жол жүру тек Ашық жүйесі арқылы жүзеге асырылатыны туралы ақпарат жалған. Қазіргі уақытта К.Маркс көшесіндегі автомобиль жолына күрделі жөндеу жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары көлік қозғалысына қиындық туғызуда. 2021 жылдың қазан айының соңына дейін екі жолақ бойынша көлік құралдарының толық қозғалысын қамтамасыз ету жоспарланған, – деп хабарлады баспасөз қызметі.Демек, Қарағанды орталығына тек «Ашық» жүйесімен ғана кіруге болады деген ақпарат жалған.