Алматыда жылыту маусымы уақытынан ерте басталады
Алматыда жылыту маусымы уақытынан ерте басталады
© astana.gov.kz
145
оқылды
Алматыда жылу беру маусымы 2 қазанда басталады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қолайсыз метеорологиялық болжамдар мен қаладағы ауа райының күн сайынғы мониторингіне байланысты жылыту маусымы ертерек басталады.
"Қолайлы жағдайды талап ететін ұйымдардың жұмыс ерекшелігін ескере отырып, ең алдымен жылу жүйесіне денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары мен басқа да әлеуметтік нысандар қосылады", - делінген хабарламада.
Одан кейін жылытуға көппәтерлі тұрғын үйлер, содан соң жылу энергиясының басқа да тұтынушылары қосылады.