Роналду тағы да рекорд жаңартты
Роналду тағы да рекорд жаңартты

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар Лигасындағы 178-ші ойынын өткізді. Криштиану «Вильярреалға» қарсы ойында Чемпиондар лигасындағы 178-ойынға қатысып, «Реал» сапында ойнаған қақпашы Икер Касильястың (177) рекордын жаңартты. h Еске салайық, Криштиану Роналду "Манчестер Юнайтедте" алты маусымда  292 кездесу өткізіп, 118 гол соқты және тоғыз кубокқа ие болды. Оның ішінде үшеуі Премьер-лига мен Чемпиондар лигасының титулы.