Атырауда Жол полициясының көлігі өртенді

Атырауда Жол полициясының көлігі өртенді

Атырауда полиция көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 1 қазанда сағат 18:30 шамасында болған.

«Атырау қаласындағы Азаттық даңғылында Nissan Almera қызметтік көлігінен өрт шықты. Өрт көліктегі электр сымдарының тұйықталуынан тұтанған. Қазір полиция қызметкерлері өрттің шығу себебін анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр» - деді департаменттің баспасөз қызметі.