Бірқатар лауазымды тұлғаға сөгіс жарияланды
Бірқатар лауазымды тұлғаға сөгіс жарияланды
158
оқылды

Маңғыстау облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен партияның облыстық филиалында Саяси кеңес бюросының отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары мен бірқатар аудан әкіміне сөгіс түріндегі партиялық жаза жарияланды.

Күн тәртібінде «Nur Otan» пар­тия­сының «Маңғыстау облысы­ның 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа ла­­йықты өмір!» сайлауалды бағ­дар­ламасының іске асыру жөнін­дегі Жол картасының орындалу барысы қаралды. Жол картасына әлеуметтік нысандардың құрылы­сы, жол ин­фра­­құрылымы, халықты жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті дамыту және тағы бас­қалары енгізілген. 2021 жылы 638 іс-шара, со­­ның ішінде облыстық 112, ау­дан­дар мен қалалар бойынша 526 іс-шара енгізілген. Аталған жоба­лар­дың толық және мерзімінде орын­далуы өңірдің әлеуметтік-эконо­микалық дамуына оң әсер етпек. Отырыста аудан, қала әкімдері мен облыстық басқарма басшыла­рының есебі тыңдалды. Саяси кеңес бюро отырысында бекітілген Жол картасының Маңғыстау об­лысы бойынша сайлауалды мін­дет­темелерін орындау аясында «Nur Otan» партиясының облыс­тық, қалалық, аудандық сайлауал­ды бағдарламаларына жүйелі мо­ниторинг ұйымдастырылған. Об­лыста және аудандар мен қалаларда арнайы штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. Жалпы алғанда, осы жылдың 8 айында өңірлік және аумақтық сайлауалды бағдарламаларына жүр­гізілген талдау нәтижесінде бар­лығы 638 шараның 169-ы орын­далды, 452-сі орындалып жатыр, 17-сінің орындалмау қаупі бар. Соның ішінде облыстық 112 іс-шараның 41-і орындалды, 68-і орындалып жатыр, 3-еуінің орын­далмау қаупі бар. – Бұл жұмыстарға мемлекеттік орган басшылары жауапты. Халық бізден Жол картасын сапалы жү­зеге асыруды күтеді, сондықтан біз өзімізге артылған сенімді ақ­тауға міндеттіміз. Жоспардың орын­далмауы әкімдер мен басқарма басшылары арасында ішкі бай­ла­ныстың жоқ екенін көрсетіп тұр. Бұл іске деген жүйелі жұмыстың жоқтығы. Бәріміз бір бағытта жұ­мыс істеуіміз керек. Сонда ғана ал­дымызға қойылған міндеттерді орындап, өз мүмкіндіктерімізді тиімді пайдаланатын боламыз, – деді Нұрлан Ноғаев. Отырыс қорытындысы бойын­ша Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарына, Қарақия және Бейнеу аудандарының әкім­деріне «Nur Otan» партиясының Жол картасын дұрыс бақыламаға­ны және тиісінше орындамағаны үшін сөгіс түрінде партиялық жаза берілді. Нұрлан Ноғаев жауапты тұлғаларға өздеріне жүктелген міндеттерді мерзімінде орындауды тапсырды.

Әбілмансұр ЖАСАН