Банк қызметкері алаяқтық жасаған

Банк қызметкері алаяқтық жасаған

Түркістан облысында «несиең­ді жауып беремін деп тұрғынды алдаған банк қызметкері әшкереленді. Кентау қаласы полициясының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғанына шағым­данды.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам өзін «банк қызмет­керімін» деп таныстырып, несиесін жауып беретініне сендірген. Содан осы ісі үшін жәбірленушіден 200 мың теңге алған. Ақшаны алы­сымен алаяқ жәбірленуші әйелге берген уәдесін орындамай, әбден әбігерге салған. Бұл жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.  Алаяқ­тық қылмысты ашу мақ­сатында Полиция басқармасында тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Нә­тижесінде, полицейлер күдіктінің кім екенін анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Ол бұрын шынында банк қызметкері болып жұмыс істеген жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам алдау жолымен алған ақшаны жеке қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тәр­тіп сақшылары алаяқтың бұ­дан басқа да қылмыстарға қа­ты­сын зерделеуде. Түркістан об­лысы­ның полицейлері азамат­тарға қаржы мәселелерін шешуде күмәнді көмек ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге ша­қырады. Әйтпесе, осындай хабар­ландыруларға жүгінетіндер кө­бейіп бара жатқандай.

А.ШӘРІП