Мереке қарсаңында қарияларды құттықтады

Мереке қарсаңында қарияларды құттықтады

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Арда­гер­лерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында cоғыс және тыл ардагерлеріне, көмекке мұқ­таж, жалғызілікті қарияларға арналған қа­йырым­дылық акциясы өтті.

Филиал қызметкерлері қариялардың үйлеріне барып, оларды мерекесімен құттықтап, азық-түлік себеттерін табыстады. «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Бейсенқұлов 95 жастағы соғыс ардагері Б.Бурбаев ақсақалды, тыл еңбеккері В.Блинованы және жал­ғызілікті қария А.Сыдықованы мерекемен құттықтап, қарттарға қуаныш сыйлады. Кездесу барысында ардагерлер өз еңбек жолы туралы әңгімелеп, «Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалына алғыс білдірді. Айта кетейік, мереке қарсаңында мұндай қайы­рымдылық іс-шаралары барлық ауданда ұйымдас­тырылды. Жамбыл облысы бойынша 200-ден аса кө­мекке мұқтаж қартқа азық-түлік себеттері табыс­талды. Өз кезегінде жасотандықтар қарттардың үйлерінің ауласындағы шаруаларына көмектессе, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері қарияларға тегін медициналық көмек көрсетті. Аталған іс-шаралар қарияларды ардақтау, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдас­тырылды.

Әбілмансұр ЖАСАН