«Қайрат» «Базельден» жеңілді
«Қайрат» «Базельден» жеңілді

Футболдан UEFA Конференция лигасы топтық кезеңі­нің екінші турында алматылық «Қайрат» «Базель» командасымен кездесті.

Швейцарияның 20 дүркін чемпионы «Базель» – еурокубок ойындарының тұрақты қатысушы­сы. Ал алматылық команда еуро­доданың топтық кезеңінде алғаш екінші кездесуін өткізіп отыр. Алаң иелері әп дегеннен ойын тізгінін өз қолдарына алып, қос қапталдан қауіпті шабуылдарын ұйымдастырумен болды. Нәтиже­сінде, бірінші таймның өзінде олар қазақстандық команда қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Ойынның 15-минутында Артур Кабрал есеп ашса, одан кейін Михаэль Ланг 21, 39-минуттарда дубль авторы атанды. Ал екінші таймның басында «Базель» сапынан Дан Ндой есепті еселей түсті. «Қайрат» сапынан Хосе Канте 65-минутта гол соқса, Рикарду Алвеш 69-минутта пенальтиді сәтті орындады. Тартысты өткен кездесуде «Қайрат» қарсыласына 2:4 есебімен есе жіберді. Аталған топта әзербайжандық «Карабах» командасы сырт алаңда Кипрдің «Омноиясынан» 4:1 есебімен басым түсті. Еске сала кетейік, алғашқы турда «Қайрат» өз алаңында Кипр­дің «Омония» клубымен 0:0 есебімен тең түскен болатын. Енді «Қайрат» турнирдің аталған саты­сын­дағы үшінші кездесуін 21 қазанда сырт алаңда Әзербай­жанның «Карабах» командасына қарсы өткізеді.

Әбілмансұр ЖАСАН