Қазақстанда қариялар ел халқының 11 пайызына жетті
Қазақстанда қариялар ел халқының 11 пайызына жетті
Сурет: depositphotos.com
290
оқылды

2010 жылы зейнетақы жасындағы азаматтар саны жалпы халықтың 9,9%-ын құрады. Ал биыл бұл көрсеткіш 11% болды, — деп хабарлайды ranking.kz.

Жұмыс істеуге қабілетті азаматтар үлесі керісінше айтарлықтай азайды. 2010 жылы халықтың 64%-ын құраса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 58,3%-ға жетті. Ж. Боже-Гарнье — Э. Россета шкаласына сәйкес, Қазақстан "кәріліктің алдында тұр". Мұнымен қатар, жұмыс істеуге қабілетті бір адамға түсетін демографиялық салмақ үлесі де артып келеді. 1 000 тұрғынның 692-сі – жас немесе жұмыс істеуге қабілетті жастан асқан азаматтар. БҰҰ мәліметінше, барлық мемлекет қартаю процесімен бетпе-бет кездесуі мүмкін. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, Қазақстандағы азаматтардың зейнетақы қорындағы ақшасы 12,9 трлн теңге болды. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 6% көп. Аталған соманың 12,6 трлн теңгесі – міндетті зейнетақы жарнасы. Мұнымен қатар, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының көлемі 342,6 млрд теңге болды, көрсеткіш 17% өскен. Ал ерікті зейнетақы жарналары – 1,6 млрд. теңге. Жалпы жыл басынан бастап 1 қыркүйекке дейін зейнетақы жасына жеткен азаматтарға 62 млрд теңге төленді.