2021 жылдың 1 қазанында Nur Otan партиясының Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен қалалық филиал ғимаратының жанынан жастарға арналған Coworking орталығының ашылу салтанаты өтті.
Жиынға Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков және өңірдің белсенді жастары қатысты. Сонымен бірге Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген ҚР Парламенті Мәжілісінің ең жас депутаты Мәди Ахметов пен Jas Otan жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев та түркістандық жастардың қуанышына қосылды. Жастарға Coworking орталығының кілтін тапсырып, құттықтаған Бейсен Тәжібаев Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында жастарды қолдау, олардың білім алуына, маман иесі атануына жағдай жасау бағытындағы жұмыстарға барынша басымдық берілгенін айтты.«Түркістан күн санап өсіп-өркендеп келеді. Шаһардағы ауқымды жобалар мен алып ғимараттар жастар, яғни, сіздер үшін салынып жатыр. Nur Otan партиясының Түркістан қалалық филиалының жанынан ашылған бүгінгі орталық жас буын үшін жаңа идеялар мен бастамалардың ордасына айналады деп сенемін», – деген ол осы орталықты ашуға көмек көрсеткен демеушілер мен партия белсенділеріне алғысын жеткізді.