Ақтау қаласында жол-көлік апатынан бір адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Маңғыстау станциясынан шыққан жолда болды, - деп хабарлайды "Лада" басылымы.
2 қазан күні сағат 00:20-да LPG Trade газ құю станциясына қарама-қарсы бетте жол апаты болған."Маңғыстау теміржол станциясынан Ақтауға бет алған Daewoo Nexia жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Chevrolet Nexia көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Daewoo Nexia жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан әйел жүкті болған", - делінген полиция хабарламасында.Зиян шеккен тағы екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр.