2021 жылдың ІІ тоқсанында қазақстандық отбасылардың ақылы қызметтерге шығындары бір үй шаруашылығына орта есеппен 110,9 мың теңгені құрады. Бірінші тоқсанмен салыстырғанда 3,4% аз. Осы орайда, Finprom.kz талдаушылары бір тоқсан ішінде сегменттегі қай шығындардың өскеніне, қайсысы қысқарғанына талдау жүргізді.
Үй шаруашылықтарының ақылы қызметтерге шығындардың ең үлкен көлемі көлік пен байланыс сегментіне тиесілі – екінші тоқсан ішінде 37,3 мың теңге, биылғы жылдың І тоқсанына қарағанда, 3,8% көп. Коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстау мен жөндеуге қазақстандықтар бір үй шаруашылығына орта есеппен 34,5 мың теңге жұмсады – алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда бірден 19,8% аз. Дәл осы сегментте шығындардың айтарлықтай қысқарғаны байқалады. Тағы 16,6 мың теңге білім беру мен денсаулық сақтауға жұмсалды – өткен тоқсанға қарағанда 3,6% аз. Киім тігу, киім мен аяқ киімді жөндеу және тазалау қызметтеріне, сондай-ақ, жиһазды, тұрмыстық құралдар мен жабдықтарды жөндеу және қалпына келтіру қызметтеріне 1,7 мың теңгені құрады – бір тоқсан ішінде минус 9,1%. Есесіне мейрамхана мен дәмханаларға, қонақ үй қызметтеріне, сонымен бірге, бос уақытты ұйымдастыру және мәдениет қызметтеріне шығындар бірден 40,4%, бір тоқсан үшін 7,1 мың теңгеге дейін ұлғайды. Жалпы қызметтердің барлық түрі бойынша, болжағандай, шығындар қысқарды. Тек байланыс қызметтеріне шығын 5,7%, 76,6 мың теңгеге дейін ұлғайды. Өз кезегінде, коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстау мен жөндеуге шығындар – 0,5%, ал көлік қызметтеріне – бірден 25,3% қысқарды. Мұны "ковидтік" шектеулермен және локдаундармен түсіндіруге болады. Ақылы қызметтердің арасында шипажай қызметтері едәуір қымбаттады – бірден бір тоқсан ішінде – 4,5% және жылына – 8,5%. Тұрғын үйді күтіп ұстау құны аздап қана өсті (бір тоқсан ішінде – 0,4% және жылына – 1,3%).