Қазақстандық спортшы Михаил Шайдаров мәнерлеп сырғанаудан жастар Гран-при турнирінде «күміс» медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдаров ISU Junior Grand Prix турнирінің күміс жүлдегері атанды. Аталған турнир Гданськ қаласында өтті. Қос бағдарлама нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының спортшысы Михаил Шайдаров 207.3 ұпай еншіледі. Бұл көрсеткіш спортшыға екінші орын алуға мүмкінді берді. Алтын және қола медальді ресейлік Глеб Лутфиллин (231.26) мен Егор Рухин (202.28) алды.