Қазақстандық теннисші "Челленджер" турнирінің чемпионы атанды
Қазақстандық теннисші "Челленджер" турнирінің чемпионы атанды
Қазақстандық Дмитрий Попко Лиссабон "Челленджер" турнирінің чемпионы атанды. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, дүниежүзілік рейтингте 187-орында тұрған қазақстандық спортшы финалда италиялық Андреа Пеллегриноны 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Екі сағатқа жуық созылған матч барысында Попко 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 брейктен аса алмады. Бұл олардың өзара алғашқы кездесуі еді. Бұған дейін Д.Попко екі мәрте осындай доданың финалында өнер көрсетіп, жеңіліп қалған еді.