Алматы облысында жүк көлігі 81 жастағы зейнеткерді қағып өлтірді. Аймақтың полиция департаменті оқиғаға түсінік берді. Қайғылы оқиға орнында түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде жарияланды. Алматы облысының полиция департаменті өкілдері жол-көлік оқиғасы 2 қазанда сағат шамамен 10.05-те Іле ауданында болғанын хабарлады.
"ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жол-көлік оқиғасы дерегі Іле АІІБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды" делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.