Кабулдағы мешітте жарылыс болып, 12 адам қаза тапты
Кабулдағы мешітте жарылыс болып, 12 адам қаза тапты
Фото: mk.ru
191
оқылды
3 қазан күні  Идгах мешітінде жарылыс болды. Қазір 12 адам қаза тауып, 32 тұрғын зардап шеккені белгілі болды, – деп хабарлайды РИА Новости. Ішкі істер министрлігінің өкілі Кари Саид Хости үш күдіктінің ұсталғанын айтты. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жарылыс кезінде мешітте бірнеше күн бұрын қайтыс болған Ауғанстан Уақытша үкіметінің Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Забиулла Мужахидтің анасының қайтыс болуына байланысты дұға жасалып жатқан. 18 қыркүйекте Кабул мен Желалабадта да жарылыс  болған еді.