Майк Тайсон YouTube жұлдызын жекпе-жекке шақырды
Майк Тайсон YouTube жұлдызын жекпе-жекке шақырды
Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон блогер Логан Полды жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы Тайсон Hot Boxing подкастында мәлімдеді. Тайсон бұл жекпе-жектен қыруар ақша табатынын айтты. Сондай-ақ, ол Логан Пол мен оның ағасы Джейк мұндай көп миллиондық жекпе-жектен ешқашан бас тартпайтынын атап өтті. Боксшы видеоблогерлер 100 миллион доллар үшін бәрін жасайтынына, тіпті өзін ұруға мүмкіндік беретініне сенімді. Логан Пол 2021 жылдың жазында рингке шыққан. Ол кезде қарсыласы боксшы Флойд Мейуезер болды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша жеңімпаз аталмады. Оның ағасы Джейк те бірнеше жекпе-жек өткізіп, UFC спортшыларын жеңген.