Қазақстандық каратэшілер Мәскеуде 4 медаль жеңіп алды

карате
Фото: mail.kz

Ресей астанасы Мәскеуде каратэден премьер-лига турнирі мәресіне жетіп, қазақстандықтар үш алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Мәскеу төрінде қазақстандық каратэшілер төрт салмақ дәрежесінде финалға шыққан болатын.

50 келіде сынға түскен Мөлдір Жаңбырбай австриялық Беттина Планкті жеңіп, алтын жүлдегер атанды.

55 келідегі Сабина Захарова ресейлік спортшы, Токио Олимпиадасының қатысушысы Анна Черешневаға есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты.

68 келі салмақта Софья Берульцева финалда ресейлік Вера Ковалеваны ұтып, алтын медаль иеленді. Айта кетелік, бұл - Софьяның Токио Олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарысы.

Ерлер арасындағы бәсекеде Қайсар Алпысбай топ жарды. Ол 60 келі салмақтағы финалдық сында ресейлік Евгений Плахутинді ұтты.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.