Үйдің кіреберісінен жас жігіттің мәйіті табылды
Үйдің кіреберісінен жас жігіттің мәйіті табылды
Фото: astana.gov.kz
191
оқылды

Тұрғындар көпқабатты үйдің кіреберісінде қан-жоса болып жатқан ер адамды көріп, жедел жәрдем шақырған.

Облыстық жедел жәрдем стансасына Сәтпаев көшесіндегі үйден 2 қазан сағат 2:00 шамасында шақырту түскен.

«Үйдің кіреберісінен 2001 жылы туған ер адам табылды. Денесінде  пышақ жарақаты болды. Дәрігерлер оның қайтыс болғанын тіркеді» делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Қарағандыда жоғалған жігіттің қаңқасы ғана табылғанын жазған болатынбыз.