Ел әскерін қорытынды тексеру басталды
Ел әскерін қорытынды тексеру басталды
343
оқылды
Ел Қарулы Күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде 2021 оқу жылын қорытынды тексеру басталды. Бұл кезең қазан айының соңына дейін жалғасады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қорытынды тексерудің мақсаты  -әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының нақты жай-күйін, жеке құрамның даярлық деңгейін айқындау, сондай-ақ командирлерге күнделікті және жауынгерлік оқу-жаттығу қызметін ұйымдастыру жұмыстарының түрлерін, әдістерін жетілдіруге іс жүзінде қолдау көрсету. Бас штабтың, Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің және әскер тектер қолбасшыларының, әскери бөлімдер командирлерінің комиссиялары 400-ден астам құрама мен бөлімді тексереді. Әскери қызметшілер тактикалық, арнайы, атыс, саптық, дене шынықтыру және дайындықтың басқа да түрлерін қамтитын жауынгерлік даярлықтың негізгі пәндерінен, сол сияқты машиналар мен автомобиль техникасын жүргізу, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, әскери топография бойынша сынақтар тапсырады. Қорытынды тексеру нәтижелеріне қарай әрбір әскери қызметші жеке-жеке бағаланатын болады. Сондай-ақ әскери бөлімдер де бағаланады.