Атырау облысында көшедегі дәретханадан жаңа туған сәби табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл деректі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«3 қазан күні Индер ауданында баласын дәретханаға тастап кеткен күдікті ұсталды. Бала дәрігерлердің бақылауына алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы шақалақтың денсаулығына қатысты ақпарат беруге уәде етті.