Алматы және Нұр-Сұлтанда полицейлер эротикалық массаж салондары түрінде жұмыс істейтін притондарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ішкі істер министрлігі, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан және Қазақстан азаматтарынан тұратын қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті, олар эротикалық массаж салондары түрінде жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды ұйымдастырумен және ұстаумен айналысқан. Ұзақ уақытқа қатысушылар арасында рөлдер бөлініп алынып, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында криминалдық бизнесті ұйымдастырған 8 адамнан тұратын топ анықталды. Қылмыскерлер хабарландыруларды “OLX”, “SATU” интернет желілерінде, “Telegram” әлеуметтік желісінде орналастырған және қыздарды жоғары жалақы төленетін жұмысқа шақырып, кейін оларды жезөкшелікпен айналысуға тарта отырып, кастингтер жүргізген (20-дан 30 қызға дейін). Притондар таңдаулы коттедждерде ұйымдастырылған және демалыссыз тәулік бойы жұмыс істеген. Күнделікті кіріс ақшасыз есеп айырысумен топ ұйымдастырушысына аударылып отырған және айына 10-12 миллион теңгені құраған. 1 қазанда Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында бір уақытта қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы операция өткізілді, тінтулер жүргізілді, заттай дәлелдер тәркілкенді. Қазіргі уақытта ҚК-нің 262-бабының 1-бөлігі бойынша (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Ұйымдастырушылар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жылдың басынан бері ішкі істер органдары адам саудасына байланысты 136 қылмыстық істі тіркеді, оның ішінде 7-еуі адам саудасы және 16-сы кәмелетке толмағандарды саудалау. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында халықаралық рейтингте Қазақстан Республикасы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында минималды стандарттарды сақтау бойынша едәуір күш-жігер қабылдайтын елдердің екінші санатына кіреді.