"Қазгидромет" РМК 5 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 5 қазанда облыстың солтүстігінде, тәулік бойы 6 қазанда облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік сақталады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Маңғыстау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.