Өткен демалыс күндері полицейлер Ақмола облысының жоғалған үш тұрғынын тапты. Олардың бірі біраз уақыт орманды паналаған, жидек жеп, табиғи су қоймаларынан су ішкен, деп хабарлайды Polisia.kz. Полицейлер Жасыл және Шиелі ауылдарының арасындағы орманда Бурабай ауданының 54 жастағы тұрғынын тапты. Өтініш берушілердің айтуынша, ер адам жартылай есін білмейді. Іздестіру кезінде жедел қызметкерлер жоғалған тұрғын жүруі мүмкін барлық елді мекендер мен жерлерді тексерді. Ол орманнан табылды. Оның осы уақыт аралығында жидектер жеп, табиғи су қоймаларынан су ішкені анықталды. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары 14 жастағы Көкшетау қаласының тұрғынын тапты. Қыз жақындарына хабар бермей туыстарына барған. Полиция қызды жол бойында келе жатқан жерінен көрген. Одан бөлек, тәртіп сақшылары Зеренді ауданының 34 жастағы тұрғыны мен оның 4 жасар қызының қайда екенін анықтады. 26 қыркүйекте күйеуі жақындарының жоғалғаны туралы полицияға арыз берген болатын.