Ақтауда жол бойында жаппай төбелескендердің видеосы тарады. Видео кадрларынан бірнеше ер адам жерде жатқандарды күрекпен ұрғанын көруге болады. Оқиға автокөліктердің маңында болған. https://www.youtube.com/watch?v=LeruSM5R_Bw&feature=emb_title Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 2021 жылдың 4 қазанында шамамен сағат 16.30-да Ақтау қалалық Полиция басқармасының кезекші пультіне 6-ықшамаудандағы 37-үй маңында жаппай төбелес болғаны туралы хабар келіп түскен.
"Оқиға орнына жедел тергеу тобы аттанды. Төбелескендер ұсталып, Ақтау Полиция басқармасына жеткізілді. Жанжал ішімдік ішкеннен кейін тұрмыстық сипатта болғаны анықталды", – деді полиция департаментінен.Осы оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.