Нұр-Сұлтанда көпірде болған апаттан зардап шеккен 18 жасар қыздың жағдайы жақсы, дәрігерлер палатаға ауыстыруды жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қыздың жағдайы тұрақты. Бүгін оны палатаға ауыстыру жоспарланып отыр", – деді Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығындағылар.Осыған дейін зардап шеккен қыздың жағдайы ауыр екені айтылған болатын. Батпенов атындағы ҰҒТО науқастың омыртқасы сынғанын және травматикалық шок алғанын айтқан. Оған шұғыл ота жасалды.