Бозжыра шатқалы маңынан өтіп бара жатқан ақтаулық тұрғындар батпаққа батып қалған жылқыны құтқарып қалды, – деп жазады Lada.kz. https://www.youtube.com/watch?time_continue=2&v=qT_VGEtwT0M&feature=emb_title Оқиға 3 қазанда болған. Ақтаудың төрт тұрғыны қолда бар құралдардың көмегімен жылқыны батпақтан алып шығуға тырысқан. Тұрғындар салмағы жүздеген килограмм болатын жылқыны өз күшімен алып шықты. Құтқарушылар судың өте суық болғанын айтады.