Сотталғандардың 97 пайызы вакцина алған
Сотталғандардың 97 пайызы вакцина алған
122
оқылды

Қазақстан түрмелерінде отырған тұтқындардың 97 пайызы коронавирусқа қар­сы вакцина алыпты. Бұл жайын­да Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте мәлім болды.

Пандемия басталғаннан бері түрмеде 214 адам коронавируспен ауырған. Ведомство түзеу мекемелерінде ауруды таратпау үшін барлық қажетті шара сақта­латы­нын атап өтті. Барлық қызметкер иммундаудан өткен екен. Сондай-ақ осы кезге дейін ел түрмелерінде өкпе ауруларына шалдығатындар көп екені айтылатын. Осы орайда министрлік бас бостандығынан айырылған­дар арасында өкпе дертіне шал­дығу 86 пайызға азайғанын хабарлады. «Бұл – өте жақсы көр­сеткіш», – деді жауапты ведомство мамандары. Пенитенциар­лық медицина туберкулезді емдеуде тиімділігін көрсеткен. Яғни, сотталғандар үшін заманауи құрылғыда тексерілу, диагностика және емдеу әдістері қолжетімді болды. Туберкулезді ерте анықтау және уақы­тылы емдеу мақсатында қылмыс­тық атқару жүйесі мекемелеріне келіп түсетін барлық адам міндетті түрде флюорографиялық тексеруден өтеді. Жылына 2 рет меди­циналық тексеріс жүруі тиіс. 2019 жылғы 1 сәуір мен 2020 жылғы 1 сәуір аралығында Алматы және Қарағанды облыстарының түзету мекемелерінде пилоттық жоба енгізілген болатын. Нәтижесінде, сотталушыларға медициналық көмек көрсету жақсарған.

М.ТӨЛЕУ