Әлеуметтік желілердің жұмысы әлі де баяу. Сонымен қатар Netflix, Zoom, Viber, YouTube, Apple мен Twitter де баяулап қалған. Компаниялар және Facebook-тың негізін қалаушы Марк Цукерберг уақытша қолайсыздықтар үшін қолданушылардан кешірім сұрады.
Бірақ ақауға не себеп болғанын Цукерберг әзірге анықтап айтпады. Мамандар Facebook-тың істемеуіне байланысты әлем бойынша 10 миллионнан астам қолданушыдан шағым түскенін хабарлады. Әлеуметтік желілер жұмысынан ақау шыққан соң, оның акциялары құлдыраған. Мессенджер, WhatsApp, Instagram қызметтерін қамтитын Facebook акцияларының құны 5,28 процентке төмендеді. Форбс мәліметінше, Цукерберг 6,6 миллиард доллар жоғалтып, әлемдегі бай адамдар рейтингінде 6-орынға төмендеді. Сондай-ақ ақау шықпаса да, Twitter-дің акциялары да құнсызданған.Киберқорғау зерттеу компаниясының вице-президенті Кандид Уест: «Біз басында Facebook, WhatsApp-та хаттардың бармай жатқанын аңғардық. Бірақ кейін олардың мүлде жұмыс істемей қалғанын көрдік, солай ғой? Кейін зерттей келе домен атаулардың рұқсат хаттамаларының істен шыққан сияқты. Әзірге толық түсінген жоқпыз. Десе де әлеуметтік желілер жұмысының өзегі болып саналатын маршруттарға зақым келген болуы мүмкін», – деді.