Полицей 22 жастағы жігітті 2 қазанда Өскемен-Семей тасжолының 25-шақырымында қағып кетті.
22 жастағы жігіт көлігінің жарылған дөңгелегін ауыстырып жатқан. Осы сәтте оны өтіп бара жатқан Lada көлігі қағып кеткен. Жарақат алған ер адам оқиға орнында қайтыс болды.Жол апатынан кейін полицей жұмыстан шығарылған.«Lada автокөлігінің рөлінде полицей болған. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігіне (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Видеотіркеуіштердің жазбалары алынып, қылмыстық іс материалдарына тіркелді» делінген Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің ресми хабарламасында.
Бұған дейін екі полицейді атып тастаған Алматы тұрғыны туралы жазған болатынбыз.