Солтүстікте із-түзсіз жоғалған жігіт орманда тұрып жатқан жерінен табылды    
Солтүстікте із-түзсіз жоғалған жігіт орманда тұрып жатқан жерінен табылды    
Фото: polisia.kz
117
оқылды

Тайынша ауданы Димитровка ауылының 31 жастағы тұрғынын полицейлер орманда тұрып жатқан жерінен тапты.

Ер адам аман-есен. Ол 29 қыркүйектен бері  Есіл ауданы Торанғұл ауылының маңындағы орманда тұрған. Жоғалған ауыл тұрғынын іздестіруге өтініш Тайынша ауданының полиция бөліміне 30 қыркүйекте түскен.

Анасы ұлының 29 қыркүйек күні кешке ВАЗ-21120 автокөлігімен белгісіз бағытқа кетіп, қайта оралмағанын айтқан.

Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Сейілхан Жұмағұловтың айтуынша, іздеуге Тайынша, Есіл, Қызылжар, сондай-ақ облыстық полиция аппаратының қызметкерлері атсалысты. Жан-жақты іздеу нәтижесінде ер адам орманнан табылды. Ол 29 қыркүйектен бастап 2 қазанға дейін орманда шұңқыр қазып, жеркепеде алма жеп күнелткен.

Полиция 31 жастағы ер адамның үйінен не үшін кетіп қалғанын анықтап жатыр.