Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ұлттық спорт қауымдастығы Жамбы ату және Теңге ілу федерацияларының кубогы үшін республикалық турнир өтті. Үш күнге жалғасқан қос сайыс елімізде алғаш рет ұйымдастырылды. Жарысқа еліміздің әр түкпірінен 40 спортшы қатысып, кіл мықтылары анықталды.
[caption id="attachment_164471" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption][caption id="attachment_164469" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Оның айтуынша, қос федерацияның басын қосқан турнирдің басты мақсаты – ұлттық спортты дамыту. Республикалық турнирге қатысқан спортшылар күн райының қолайсыздығына қарамастан барын салды. Сөйтіп, ең үздік мерген мен теңге ілу шеберіне автокөлік кілті табысталды. [caption id="attachment_164473" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Сайыстың алғашқы екі күнінде мергендер «корей стилі» мен «түркі стилінде» бақ сынаған. Ал соңғы сынақ – «қазақ стилінен» құралайды көзге атқан нағыз мергеннің кім екенін анықтады. Өйткені басқа екі стильде нысана қозғалыссыз тұрса, «қазақ стилінде» жамбы желге тербеліп тұрады. [caption id="attachment_164494" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Сол себепті де оған мергеннің мергені ғана дөп тигізе алады. Сонымен қатар федерация кубогы барысында жас ерекшелігі мен ер-әйел деп бөлінбей, қолына садақ ұстаған үміткердің барлығы бір талаппен ойын көрсете алды. [caption id="attachment_164479" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption]– Екі кубоктың жүлде қоры – 11 млн теңге. Жеңімпаздарға – автокөлік, екінші орынға миллион теңгеден, үшінші орынға 500 мың теңгеден жүлде тағайындалды. Жүлдені тағайындаушы – Жамбы ату федерациясының басшысы Нұрлан Әменов, – дейді ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай.
[caption id="attachment_164477" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Жамбы ату федерациясының кубогында жеңіске жеткендер негізінен түркістандықтар болды. 160,08 ұпаймен Ералхан Айкөз екінші орынды иеленсе, бірінші орынды екі ұпай артықшылығымен Айтбек Сарыбай алды. [caption id="attachment_164478" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең үздік 11 спортшы ең епті Теңге ілушіні анықтауда тартысты өнер көрсетті. Қызығы, бұл сайыста тағы да түркістандықтар шеберліктерін таныта білді. [caption id="attachment_164476" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Сонымен Теңге ілу федерациясы Кубогының жеңімпаздары: 1-орын: Рахат Қомбаров (Түркістан облысы) 4 теңге ілді, уақыты – 14,30 секунд. 2-орын: Бекнұр Серіков (БҚО) 3 теңге ілді, уақыты – 12,79 секунд. 3-орын: Ғалымжан Ізжанов (Түркістан облысы) 3 теңге ілді, уақыты – 13,15 секунд. [caption id="attachment_164474" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption] [caption id="attachment_164483" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption] [caption id="attachment_164472" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption] [caption id="attachment_164493" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption]Алғашқы екі стильде жақсы өнер көрсеткен Бақдәулет Бабажанның «қазақ стилінен» сүрінуінің бір сыры осында. Нәтижесінде, жамбылдық Бақдәулет Бабажан 136,37 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді.