Ерекше табиғи құбылыс Бішкекпен шекаралас аймақта болған. Түнгі 3-терде ағып түскен аспан денесін оқиға куәгерлері телефондағы камерасына түсіріп алды. Бейнежазбада бірнеше метеориттің құлап бара жатқанын байқауға болады. Әлдекімдер бұл Драконоида ағынының метеор тобынан түскен аспан денесі болуы мүмкін дегенді алға тартады. Өйткені оның шарықтау шегі қазан айының 8-не тұспа-тұс келуі керек-тін. Ал енді біреулер ғарыш аппаратының қалдықтары болса керек деген пікірді ұстанады. Себебі аспанда ағып бара жатқан объектілердің жылдамдығы метеорит не астероидтердікіне тән емес.
Кейбір пікір білдіруші азаматтар "бәлкім, бұл Байқоңырдан ұшып шыққан ғарыш аппаратынан құлаған қалдықтар шығар" деген де болжам жасаған болатын. Алайда "Союз-2.1а" зымыран тасығышы киноэкипажбен бірге 5 қыркүйек күні 14:55-те ғарышқа сәтті ұшып шықты.