Жаңажылдық корпоративке рұқсат беріле ме? - министр жауап берді
Жаңажылдық корпоративке рұқсат беріле ме? - министр жауап берді
Фото: New-year-party.ru
210
оқылды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі эпидемиология жағдай бойынша жаңажылдық корпоративтерге рұқсат берілетінін айтты. Оның айтуынша, банкетке, тойларға аймақтың статусына байланысты 50-100 адамға дейін қатысуға болады.

Бұл туралы министр Аzattyq-ruhy.kz-ке берген сұхбатында мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта іс-шараларды өткізу аймақтың статусына байланысты. Егер Ashyq қосымшасында азаматтардың статусы жасыл болса, ұжым иммунитеті сақталады. Сонда іс-шараларға өздері де қатыса алатын еді. Біздің міндетіміз – әлеуметтік байланысты кезең-кезеңімен кеңейту. Қазір қызыл аймақтағыларға көп дегенде 50 адамға дейін жиынға қатысуға рұқсат беріледі", – деді Алексей Цой.

Сонымен бірге министр қай кезде медициналық масканы шешуге болатынын да айтты.

"Медициналық масканы жаппай шешу үшін коронавирустың таралу коэффициенті бірліктен жоғары болмауы және геометриялық прогресс болмауы керек.

Вакцина салдырған азаматтар қоғамдық тамақтану орындарына еркін кіріп, спорт шаралары мен марафондарға қатысып жатыр. Яғни біз карантин шараларын кезең-кезеңмен жеңілдетіп жатырмыз. Әзірге маска тағуға мәжбүрміз, ауру жұқтырғандар саны азайған кезде маскасыз жүру мүмкіндігін қарастыратын боламыз", – деді министр.

Айта кетейік, 27 қыркүйектен бері жасыл аймақтағы тойларға 100 адам, сары аймақтағыларға 70 адам, ал қызыл аймақтағыларға 50 адамға дейін қатысуға рұқсат берілді.