Нұр-Сұлтанда қар жауып, 96 жол-көлік оқиғасы тіркелді: полиция көлік жүргізушілеріне үндеу жасады
Нұр-Сұлтанда қар жауып, 96 жол-көлік оқиғасы тіркелді: полиция көлік жүргізушілеріне үндеу жасады
Фото: Akorda.kz
Астананың полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына және қар жаууына байланысты жолда қауіпсіз жүру мақсатында автокөлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқы шиналарға ауыстыруға кеңес береді.
"Сонымен бірге жолда өте мұқият және абай болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, көлікті кілт тежеуден аулақ болуды, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды ескертеміз", – делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтанда бір тәулік ішінде 96 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
"Жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше назар аудару қажет. Өз қауіпсіздіктеріңіз үшін құлаққаптарды алып тастауға және жолды кесіп өткен кезде телефонмен сөйлеспеуге кеңес береміз", – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.