Шымкент мектептерінің бірінде үш оқушы уланып қалды
Шымкент мектептерінің бірінде үш оқушы уланып қалды
© сурет видеодан алынды
Шымкент денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 5 қазанда сағат 10.30-да болған. Үш жедел жәрдем қызметі бригадасының мамандары жеті оқушы мен мектептің бір қызметкеріне алғашқы медициналық көмек көрсетті.
"Белгісіз затқа уланған үш оқушы Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жедел жәрдем қызметімен жеткізілді. Ауруханаға жеткізілген науқастар құсқысы келіп, тамағы ашып, бас айналуына шағымданған. Жасөспірімдердің барлығына ауруханада оксигенотерапия емі бойынша медициналық көмек көрсетілді. Оқушылар екі сағат бақылауда болып, жағдайының жақсаруына байланысты үйлеріне қайтарылды", – деді ведомство өкілдері.
Шымкент қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ. Aibat жаңалықтар қызметінің мәліметінше, үзіліс кезінде 9-сынып оқушысы бұрыш баллонын шашқан. Спрей қыздың әкесіне тиесілі.