Telegram-да жаңа қолданушылар саны артқан
Telegram-да жаңа қолданушылар саны артқан
Telegram мессенджеріне бірнеше сағаттың ішінде  50 миллионнан астам қолданушы тіркелді, – деп хабарлайды RT агенттігі. TGStat аналитикалық қызметінің жетекшісі Юрий Кижикин соңғы уақытта бүкіл әлемдегі әлеуметтік желілер жұмысының жаһандық бұзылуы аясында Telegram мессенджеріндегі жаңа қолданушылар саны күрт артқанын айтты.
"Біздің есебіміз бойынша, Telegram-ға бірнеше сағат ішінде 50 миллионнан астам жаңа қолданушы тіркелді", – деді Кижикин.