Атырауда ер адам ағасының үйін өртеп жіберді
Атырауда ер адам ағасының үйін өртеп жіберді
Фото: stihi.ru
Атырау облысында мас ер адам ағасының үйін өртеп жіберген. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 3 қазанда Қызылқоға ауданында болған.  width=
«Аудандық полиция бөліміне сағат 17:30 шамасында Ойыл ауылдық округіне қарасты елді мекендердің бірінде тұрғын үй өртенгені туралы хабар түскен. Арызданушы әйелдің айтуынша, күйеуінің інісі ішімдік ішкен мас күйде үйдің ішіне жанармай шашып, өртеген. Өрт салдарынан тұрғын үй толығымен жанып кеткен. Тұрғын үйдің иелері жанып жатқан баспанадан шығып үлгерген», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.