Есірткі сатқан 106 адам сотталды

Есірткі сатқан 106 адам сотталды

Елорда аумағында 3 есірткі зертханасы жойылып, есірткі сатқан 106 адам сотталды. Сондай-ақ есірткі өсімдігін өсірудің 2 фактісі тіркелді.

Өкінішке қарай, бүгінде есірт­кі қылмысы белең алып тұр. Оны өткізу «байланыссыз» түрге көш­­кен. Яғни, сатушы мен алу­шы бір-бірін көрмейді. Есірткі саудасы қаланың кез келген нүк­те­сіне жасырып кету арқылы  жүзе­ге асырылады. Полицияның мұн­дай адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту үшін бар­лық қажетті іс-шараларды белсенді түрде жүргізгенінің арқа­сында жыл басынан бері елорда аумағында тек есірткі сату фактісімен 106 адам қыл­мыстық жауапкершілікке тар­тылған. «Одан бөлек, жыл басынан бері елорда аумағында синтетика­лық есірткі әзірлеумен айналысатын 3 зертхана жұмысы әш­кере­ленді. Синтетикалық есірткі әзірлеушілермен қатар үй жағ­дайында психикалық белсенді заттары бар өсімдік өсіретін адам­дар да бар. Ондай есірткі өсім­дігін өсірудің 2 фактісі тіркелді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр», – дейді Нұр-Сұлтан қала­лық Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Сергей Ильиных. Бөлім бастығының айтуынша, қазір есірткі заттарының заңсыз жарнамасы түрлі формаға бейімделген. Олардың қатарында граффитти, сурет, барлық баспа өнімдері, үнпарақ, жапсырма бар. Тіпті, бильбордтарға QR код таңбалау арқылы заңсыз жарнаманы тарату фактісі де тіркеліп отыр. Полиция департаменті мұндай жарнамаларды анықтау бойынша оқыту семинарларын өткізуде. Коммуналдық қызмет өкілдерімен кездесіп, мұндай жарнамаларды қалай анықтау керегін, неге назар аудару қаже­тін түсіндіруде. Үкіметтік емес ұйымдарды, корпоративтік қор­ларды, волонтерлерді жұмыл­дырып, рейд жүргізуде.

Н.СӘРСЕНҒАЛИҰЛЫ