Шаршы алаңға қайта оралды
Шаршы алаңға қайта оралды

Кәсіпқой бокс әлемінде Qazaq лақап атымен танымал боксшы Қанат Ислам шаршы алаңға қайта оралмақ. Бұл жайында боксшының өзі мәлімдеді.

– Құрметті менің жанкүйер­лерім! Біз жекпе-жек жаттығу­ларына қызу дайындықтамыз. Жақында жақсы жаңа­лық­тармен бөлісеміз. Сіздерге Түрік елінен жалынды сәлем! – деп жазды Қанат Ислам Instagram-дағы жеке парақ­шасында. Естеріңізге сала кетсек, Қанат Ислам (28-0, 22 КО) осы жылдың 20 ақпанында АҚШ-тың Флорида шта­тының Майами қаласында өт­кен айқаста эквадорлық Джейсон Миндуны (14-4-1, 8 КО) жетінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Сол кезде қазақстандық бокс­шы­ның промоутері Нельсон Лопес The Ring-ке берген сұхбатында Қанат Исламның келесі екі жекпе-жегі осы жылдың маусым мен қыркүйек айларына жоспарлан­ғанын айтқан еді. Ал наурыз айында кәсіпқой бокс әлемінің инсайдтары мен жаңалықтарын жариялап жүрген Boxing Media UK Twitter аккаунтында WBC нұсқасы бойынша дивизиондағы әлем чемпионы, америкалық боксшы Джермалл Чарлоның (31-0, 22 КО) әлеуетті қарсыласы ретінде Қанат Ислам­ның да қарастырылып жатқаны жа­зылды.

Абылайхан ЖҰМАШ