Эльжана қолаға қол жеткізді

Эльжана
© olympic.kz

Мәскеуде өткен көркем гимнастикадан халықаралық Olympico Cup 2021 турнирінде қазақстандық Эльжана Таниева үшінші орын алды.

Халықаралық бәсеке Ирина Винер-Усманова атындағы көркем гимнастика сарайында өтті. Көпсайыс қорытындысы бойынша Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Дина Аверина жеңімпаз атанды. Екінші орынды оның сыңары Арина Аверина еншіледі. Ал қазақстандық Эльжана Таниева үздік үштіктен көрінді. Бұл – қазір Мәскеудегі Винер академиясында жаттығатын Эльжананың тырнақалды жетістіктерінің бірі.

Айта кетелік, Қазақстан командасының бас бапкері Әлия Юсупованың бастамасымен отандық екі гимнаст Эльжана Таниева мен Сабина Бакатова Ресейдегі Ирина Винер-Усманова академиясында жаттығып жатыр.

Абылайхан ЖҰМАШ

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.