Димаштың бейнебаяны Аргентинада көрсетілді
Димаштың бейнебаяны Аргентинада көрсетілді
162
оқылды

Dimashnews.com сайты La Era Dimash радиосының бастамасымен Арген­тина­ның танымал фолк-клубында Димаштың S.O.S әнін орындап тұрған видеосы көр­сетілгенін жазды.

Аргентинадағы фолк-клубтар ән мен биге құмар халықтың сүйікті орындарының бірі деуге болады. Онда көбіне қалың көпшіліктің жүрегінен орын алған танымал халық әндері орындалады. Осынау музыкалық аураны көзбен көріп, жан дүниесімен сезіну үшін туристер де фолк-клубтарға жиі барады. 3 қазанда Сальта провинция­сының фолк-клубындағы үлкен экранда Димаштың аты аңызға айналған S.O.S әнін орындаған сәті көрсетілді. «Оған құдайдың өзі батасын берген. Оны көбіңіз білесіздер. Білмесеңіздер, ол Жер шарының келесі бір бұрышынан шыққан. Оның аты – Димаш, оның дауысы таңғажайып», – деп таныстырды шараның жүргізушісі қазақстан­дық әртісті. Dimashnews.com-ның жазуын­ша, S.O.S бейнекөрсетілімі La Era Dimash радио стансасы ұйымдастырған арнайы тур аясында ұйымдастырылған. «Турдың мақсаты – қазақ­стандық әртісті Аргентинаның түкпір-түкпіріне таныстыру, оның шығармашылығын одан да көп адамға ашу», – деп жазады dimashnews.com.

Абылайхан ЖҰМАШ