Көкшетауда зейнеткер әйел өз үйінің шатыры құлап, ажал құшты
Көкшетауда зейнеткер әйел өз үйінің шатыры құлап, ажал құшты
Фото: ainews.kz

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін түнде 00.48-де Көкшетау қаласындағы Пионерская көшесінде болған.

Бір қабатты жеке тұрғын үйдің 15 шаршы метрдей шатыры кенеттен құлап кеткен. 1950 жылы салынған үй апатты болып танылмаған болып шықты.

«Опырылып құлаған шатырдың астынан 63 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Ол оқиға орнында алған қатты жарақаттарының салдарынан бірден көз жұмған», – дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған оқиға бойынша сот медициналық сараптамасы тағайындалды.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Ақмола облысы