Алматыда банк тонаған үш адам сотталды
Алматыда банк тонаған үш адам сотталды
Фото: yandex.kz
143
оқылды

Алматы қаласы Алмалы аудандық соты маусымда жарияланған үкімді, тамызда қалалық соттың апелляциялық комиссиясы бірінші инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Үшеуі 2020 жылдың 15 қазанында банк тонаған. Ресми мәлімет бойынша, ұрылар банкке 2 394 830 теңге материалдық залал келтірген. Сот Әбілкәрімов пен Степановты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы («Қарақшылық») бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Нартай Өмірзақов та Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Бірақ оған 190-бап («Алаяқтық») бойынша да айып тағылды. Себебі, ол 2019 жылы риелтор болып жұмыс істеп, 7 рет пәтер сатып алмақ болған адамдардың қаражатын жымқырған. Шығын көлемі – 60 миллион теңгеден астам. Сот Өмірзақовты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Өмірзақов келтірілген материалдық шығынды қайтаруға міндетті. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бұған дейін «Кредитіңді жауып беремін» деп тұрғынды алдаған банк қызметкері туралы жазған болатынбыз.