Синоптиктер Қазақстанда күн қайта жылынатынын айтты
Синоптиктер Қазақстанда күн қайта жылынатынын айтты
Фото: www.goodfon.ru
120
оқылды

Алдағы екі-үш күнде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашын жаумайды.

Тек қана шығыс пен оңтүстікте жаңбыр, қар жаууы ықтимал. Синоптиктер 7 қазан күні шығыста қар жауатынын болжап отыр. Түнде және таңертең тұман, шығыс пен орталықта – көктайғақ, бұрқасын, батыста шаңды дауыл күтіледі. Батыс пен солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы 10-18-ге дейін, солтүстік, шығыс пен орталықта 8-15-ке дейін, оңтүстікте 15-20-ға дейін көтеріледі.